388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнамда су тасқыны салдарынан бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кетті

  • 424
Вьетнамда су тасқыны салдарынан бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кетті

Вьетнамдағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандардың саны 15-ке жетті.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, тағы 5 кісі із-түзсіз жоғалып кеткен. Табиғаттың тосын мінезіне аймақта толассыз жауған жауын-шашын себеп болған. Бұған дейін 13 адамның ажал құшқаны хабарланған еді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, бірнеше елді мекенде адам шығыны болды. Су тасқыны салдарынан 382 ғимарат құлап, ауыл шаруашылығына қолданылатын 5 мың гектарға жуық жерді су басқан. Айта кетейік, биыл апаттан 153 адам қаза тауып, 119-ы түрлі жарақат алған.

Хабар 24 телеарнасы