377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОАР экономикасы құлдырап барады

  • 630
  • UPD: 07:51, 07.09.2018
ОАР экономикасы құлдырап барады Рамблер

Оңтүстік Африка Республикасының экономикасы соңғы 10 жылда алғаш рет құлдырау алдында тұр.

Жергілікті төл валюта рандқа біраз уақыт қысым түсіп отыр. Сарапшылардың тұспалдауынша, бұған  дамығал елдердегі экономикалық тұрақсыздық әсер етті. Жергілікті статистика бюросының мәліметі бойынша, осы жылдың екінші тоқсанында ОАР-дың жалпы ішкі өнімі 0,7 пайызға түсті. Ал ауылшаруашылық секторының өнімі 29,2 пайызға қысқарды. Сонымен қатар көлік және бөлшек сауда секторы да зардап шекті. Онсыз да экономикалық жағдайы нашар елде жұмыссыздық деңгейі тағы 27 пайызға артты. Кедейлік пен тұрақсыздықтың зардабын шеккен елде қылмыс оқиғалары кең етек жайып келеді. 

Азар Джаммин, экономист:

- Білім деңгейінің төмендігі ел экономикасына тікелей байланысты. Халық екі қолға бір күрек таба алмай отырғандықтан азаматтардың табысы төмен. Бұған қоса кәсіподақ пен жұмысшылар арасындағы қарым-қатынас ушығып тұрады.

Хабар 24 телеарнасы