384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда азық-түлік қымбаттап, инфляция өсті

  • 337
  • UPD: 20:31, 14.09.2018

Баға көтерілуі соңғы алты айдағы ең жоғары көрсеткішке жеткен.

Тұтыну бағасының индексі тамыз айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға көтерілген. Қытайда ең қатты қымбаттаған – көкөніс. Шілдедегі бағамен салыстырғанда 9%-ға артқан. Ет өнімдерінің құны да шарықтағаны байқалады. Әсіресе доңыз еті 6,5%-ға өскен. Мұны сарапшылар кейбір аймақтарда өршіген доңыздардың африкалық обасымен байланыстырып отыр. Сондай-ақ баға медицина, қызмет көрсету, ойын-сауық және қоғамдық көлік салаларында да өскен. Былтыр Қытайда инфляция деңгейі 1,6% болған. Биылғы болжам 3%.

Чжу Сияолин, Бейжің қаласының тұрғыны:

Үкімет біздің зейнетақымызға 200 юань қосты. Бірақ азық-түлік қымбаттап кетті. Бұрын қиярдың жарты келісі 2 юань болса, қазір 5 юаньға өсті. Сонда зейнетақыға қосылған ақшамыз түк болмай қалды.

Бянь Юнзу, Қытай халық университеті экономика факультетінің зерттеушісі:

- Көкөніс бағасының қымбаттауына Қытайдың кейбір аймақтарында, әсіресе, Шаньдунда жүрген қатты сел себеп. Тасқын су біраз жасыл алқапты жайпап өтті. Ал ет өнімдерінің қымбаттауына бірнеше себеп бар. Әрине, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресінің де әсері болды. Өйткені жем-шөптің импортына баж салығы көтерілген болатын. Оған доңыздардың африкалық оба індеті қосылды.

Хабар 24 телеарнасы