Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі ең қауіпсіз қаланы білесіз бе?

  • 809
  • UPD: 14:32, 23.09.2018
Әлемдегі ең қауіпсіз қаланы білесіз бе? inform.kz

Қоғамдық пікірді онлайн-сауалнама арқылы талдайтын Numbeo қызметінің сайтында 2018 жылдың ең қауіпсіз қалаларының тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

345 қаладағы қылмыс деңгейі бойынша жаңартылған тізімге сәйкес, БАӘ астанасы Әбу-Даби ең қауіпсіз қала деп танылды. Шаһардағы қылмыс индексі небәрі 11,62%, ал қауіпсіздік индексі 88,38% құрады.

Катар астанасы Доха қаласы рейтингтің екінші орнына табан тіреді. Мұндағы қылмыс индексі 12,19%. Үшінші орында Жапонияның Осака (16,01%) қаласы тұр.

Сондай-ақ ең қауіпсіз қалалардың ондығына Квебек (Канада), Сингапур, Базель (Швейцария), Токио (Жапония), Дубай (БАӘ) және Мюнхен (Германия) кірді.

Хабар 24 телеарнасы