384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иорданияда екінші көпір құлады

  • 360
  • UPD: 22:41, 26.10.2018

Иорданияда автобус апатқа ұшыраған аумақта тағы бір көпір опырылып түсті. Бұл туралы жергілікті ақапарат құралдары хабарлады.

Бұған аймақтағы толассыз жауған жауын мен лай көшкіні себеп болған. Естеріңізге сала кетейік, елде бірнеше күн бойы төпелеп жауған жауын салдарынан 19 адам көз жұмды. Қаза болғандардың көбі 14 жасқа дейінгі балалар. Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өлі теңізге экскурсияға бара жатқан мектеп автобусын топан су шайып кеткен. Мерт болғандардың ішінде жағажайға демалуға барған туристер де бар. Қазір құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған әскерилер, дәрігерлер, сосын техникадан тікұшақ жұмылдырылды. Қайғылы оқиғаға орай Иордания Королі екінші Абдалла Бахрейнге жоспарланған іс-сапарын кейінге қалдырды.

Хабар 24 телеарнасы