389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда лаңкестік әркеттен 7 адам қаза тапты

  • 430
  • UPD: 19:33, 27.10.2018
Ауғанстанда лаңкестік әркеттен 7 адам қаза тапты

Ауғанстанның Вардак провинциясында лаңкестік әркеттен 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 40-қа жуық адам жарақат алды. Теракт Майданшахр қаласында болған. Онда көлік тізгіндеген содыр полиция бөлімшесіне таяп келіп, оны жарып жіберген. Әзірге шабуылды ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Өткен аптада Ауғанстанда ел парламентінің төменгі палатасына сайлау өткен болатын. Осы саяси науқан кезінде 200-ден астам лаңкестік әрекет ұйымдастырылып, ондаған адам қаза тапқан еді.

Хабар 24 телеарнасы