384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тынық мұхитының сүңгуірлері жаңа рекорд орнатты

  • 557
  • UPD: 11:53, 01.11.2018

Тынық мұхитының сүңгуірлері Жапон теңізіндегі полигонда 416 метр тереңдікке түсіп, жаңа рекорд орнатты.

Су астында мамандар теңіз айдынын зерттеп қана қоймай, арнайы тапсырмалар арқылы құтқару қызметінің шеберлігін шыңдады. Сонымен қатар теңіз түбінен Ресейдің мемлекеттік туын ашып көрсетті. Шараға әскери теңіз флотының ғылыми-зерттеу институтының сүңгуірлері мен әскерилері қатысты. Команда бұл операцияға 3 күн бойы дайындалған. Сүңгуірлер теңізге Тынық Мұхиты флотының құтқару жұмыстарына арналған кемесімен аттанды. Соңғы рет осы топтың агвалангшылары 317 метр тереңдікке түскен болатын.

Хабар 24 телеарнасы