384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шри-Ланка парламенті премьер-министрге сенімсіздік танытты

  • 264
  • UPD: 09:51, 15.11.2018
Шри-Ланка парламенті премьер-министрге сенімсіздік танытты

Шри-Ланка парламенті елдің премьер-министрі Махинда Раджап-Аксеге сенімсіздік вотумын жариялады.

Премьер-министр бұл қызметке қыркүйек айының аяғында тағайындалған еді.  Оған дейін ол 10 жыл бойы президенттік қызметте болған. Жуырда мемлекеттің қазіргі көшбасшысы  Майтрипала Сирисена парламентті тарату туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл жаңалықтан кейін бірнеше қалаларда халық жаппай наразылық акцияға шықты. Сол себептен елдің жоғарғы соты парламентті тарату жөніндегі  жарлықтың күшін уақытша тоқтатты.

Хабар 24 телеарнасы