378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстандық мұғалімдер ендігәрі мақта термейтін болды

  • 582
  • UPD: 15:27, 30.11.2018

Өзбекстандық мұғалімдер бұдан былай шабық шауып, мақта термейді. Тіпті қоғамдық жұмыстарға да араласпайтын болды.

Өйткені көрші елде педагогтардың мәртебесін арттыратын заң әзірленіп жатыр. Көпшіліктің қызу талқысына түскен жоба - мұғалімдердің құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Тиісінше ұстаздардан сұраныс та жоғары болады. Яғни шәкіртінің үлгерімі мұғалімнің беделін бағамдайды.

Дилрабо Хасанова зейнткерлікке шықса да бала тәр,иесінен қол үзген емес. Математика пәнінің мұғалімі оқушылармен қатар жас кадрларға да білгенін үйретеді. 37 жыл мектепте дәріс берген ұлағатты ұстаз «педагог мәртебесінің көтерілуі құптарлық іс» дейді.

Дилрабо Хасанова, математика пәнінің оқытушысы:

- Бұрын айлығымды толық алғаныммен зейнетақымның 50 пайызын ғана беретін. Жаңа жылдан екеуін де толық аламын. Біз бұған қуаныштымыз. Одан басқа көп жыл еңбек еткен ұстаздарға  10 50  пайыздық үстеме берілмек.

Жаңа заңда педагог құқымен қатар әлеуметтік жағдайы да қаралған. Яғни қаладан ауылға келген жас мамандар тұрғын үймен қамтылып, шағын несие алады. Тіпті ұстаздардың кәсіби біліктілігіне қарай төмен пайызбен жеңіл көлік беру жағы да қарастырылып жатыр.

Рустамжан Нуриддинов, ұстаз:

- Жаңа жылдан бастап ұстаздардың кәсіби деңгейіне қарай еңбек ақысын тағы да көтереді. Автонесиесі де берілмек. Қаладан келген жас мамандарды баспанамен қамту жағы да қаралған. Бір сөзбен айтқанда елімізде ұстаздарға барлық жағдай жасалып жатыр.

Ұстаздардың білім деңгейі енді шәкіртінің үлгерімімен бағаланады. Мұғалім оқушымен қатар ата-анамен де тығыз байланыс орнатуы қажет. Бұл баланың мектептен тыс уақытын қадағалауға көмектеседі.

Айбек Файзуллаев, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы:

- Бұл заң бізге бала тәрбиесімен емін-еркін айналысуымызға зор мүмкіндік береді. Ұстаздарды болашақ ұрпақты білім нәрімен сусындатуға ынталандырады. Биылғы жылдан бастап бізді барлық дала жұмысынан босатты.

Егер заң бектілсе мұғалім ұйымдастырушылық әдістері мен сабақ беру тәсілін өз бетінше таңдай алады. Дегенмен министірлік бекіткен білім беру стандарттарының шеңберінде әрекет етуі қажет.

Шохсанам Абдурахманова, орыс тілі пәнінің оқытушысы:

- Мұғалім мәртебесінің қазірдің өзінде көтеріліп келе жатқанын байқауға болады. Көше, шаһар ішімен кел жатсаңыз мұғалімге құрметпен қарайды. Бұл өте қуантады. Үкіметіміздің арқасында барлық мектептерде интернет желісі дамып отыр. Соның арқасында біз басқа мектеп ұстаздарымен тәжірибе алмасып, бір-бірімізден жаңа технологиялар бойынша ой бөлісеміз. Тіпті жаттықтырушы ретінде қажет болса методологиялық көмек бере аламын. Дәл осы интернеттің арқасында байланысымыз артты.

Мұғалім мәртебесі туралы заң өзбекстандық ұстаздар мен қатар шеттен келіп дәріс оқып жүрген педагогтардың да мәртебесін қорғайды. Өйткені көрші ел Ағылшын тілін тереңдетіп оқытудың жаңа тәсілін ендіріп жатыр. Бір сөзбен айтқанда заң шоқтығы биік Мұғалім мәртебесін өсіреді.

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Зафар Халилов

Хабар 24 телеарнасы