384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде альпинист Санта Клаус балаларға сыйлық таратып жүр

  • 392
  • UPD: 14:06, 18.12.2018

Берлиннің орталық алаңында Санта Клаус қала тұрғындарын құттықтауға кірісті. Жаңа жылдық кейіпкер биік мұнаралы ғимараттан түсіп, бүлдіршіндерге сыйлық таратады.

Таңғажайып көріністі қала қонақтары да тамашалай алады. Ал көктен түскен Сантаны көріп, балалар мәре-сәре болады. Төменге түсіп, кішігірім сыйлықтарды тарту еткеннен кейін ол арқаннан жасалған сатымен қайта үстіне көтеріледі. Ғимараттың 24-қабатында оны басқа балақайлар асыға күтеді. 

Санта Клаус:

- Бұл оңай шаруа емес. Дегенмен, балалардың бақыттан бал-бұл жанған жүздерін көріп, көңілге қуаныш ұялайды.

Хабар 24 телеарнасы