385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йемен билігі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жаңа қарарын қолдады

  • 414
  • UPD: 09:26, 23.12.2018
Йемен билігі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жаңа қарарын қолдады

Президент Мансур Хади үкіметінің мәлімдеуінше, құжат елдегі қарулы қақтығысты саяси жолмен шешуге бағытталған.

Оған сәйкес БҰҰ Бас хатшысы 30 күн ішінде Йеменге бақылаушы топты аттандыратыны айтылған.

Еске сала кетейік, желтоқсан айының басында Швеция астанасында Йемендегі соғысты тоқтату туралы бейбіт келіссөз өтті. Кездесу нәтижесінде Йеменнің заңды президенті Абд Раббу Мансур Хади мен хусит бүлікшілері Ходейда қаласындағы қақтығысты тоқтату туралы келісті. Тараптар сондай-ақ тұтқындармен алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізген болатын.

Хабар 24 телеарнасы