384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда мұзды оркестр фестивалі өтіп жатыр

  • 475
  • UPD: 14:35, 10.01.2019
Италияда мұзды оркестр фестивалі өтіп жатыр

Қатқан су музыкалық аспапқа айналды. Италияның Оңтүстік Тироль қаласында мұзды оркестр фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шара үшін арнайы ақұлпадан үңгір салынған. Залға барлығы 200-дей адам сыяды. Бастысы келушілер тоңып қалмауы үшін жылы киінуі тиіс. Себебі бөлменің температурасы -5 градусты құрайды. Барлық аспап мұздан жасалған. Мұндай оркестрдің қыстық бағдарламасы 60 концерттен тұрады. Итальяндық гастрольді Ice Music фестивалінің негізін қалаушы америкалық Тим Линхарт ұйымдастырған. Мұндай шара бұған дейін Швецияда өткен болатын. Линхарттың айтуынша, мұздан жасалған аспап өте нәзік болып келеді.

Тим Линхарт, фестиваль ұйымдастырушысы:

Ең алғаш рет үш метрлік контрабасты жасағанымда шегін неғұрлым қатты тартсам, дауысы да қатты шығады деп ойладым. Нәтижесінде еңбегім далаға кетті. Себебі мұздан жасалған аспап морт сынғыш келеді. Сол себепті қатқан сумен жұмыс істеу үшін сабырлы әрі мұқият болу керек.

Хабар 24 телеарнасы