412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Норвегияда ең бай адамның әйелін ұрлағандар криптовалюта сұрап отыр

  • 999
  • UPD: 10:34, 11.01.2019
Норвегияда ең бай адамның әйелін ұрлағандар криптовалюта сұрап отыр

Норвегияда қаскүнемдер елдегі ауқатты кәсіпкердің бірі Том Хагеннің әйелін ұрлап кетті.

Еске салайық, Анна-Элизабет Фалькевик қазан айының соңында жоғалып кеткен еді.

Оның қауіпсіздігін ойлап, тәртіп сақшылары бұл ақпаратты жарияламаған болатын. Енді адам ұрлаған қарақшылар әйелді бостандыққа жіберу үшін 9 миллион еуро талап еткен. Қызығы бұл сома криптовалюта түрінде болуы тиіс. Құқық қорғау органы Анна-Элизабет Фалькевиктің жақындарына сұраған қаржыны нақты ақпар алмайынша бермеуді ұсынды. Тергеуге Еуропол мен Интерпол қызметтері де тартылды.

Айта кетейік, қылмыс деңгейі ең төмен Норвегия елінде адам ұрлау ісі өте сирек тіркеледі.

Хабар 24 телеарнасы