386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда үкіметке қарсы ереуіл басылар емес

  • 535
  • UPD: 16:47, 18.01.2019
Суданда үкіметке қарсы ереуіл басылар емес

Судан астанасы Хартум мен тағы бірнеше қалада халықтың үкіметке қарсы ереуілі басылар емес.

Президент сарайының алдында жиналғандар мемлекет басшысын қызметінен кетуін талап етті. Қала көшелерінде тәртіпсіздік орнатқандарды тарату үшін полиция көз жасаурататын газ бен қару қолданды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, осы жолғы наразылық акцияда бір бала мен дәрігер мерт болды. Ашынған жұрт елде жемқорлықтың белең алуы мен бағаның шарықтауына наразы. Жалпы өткен айдан бері жалғасып келе жатқан ереуілден 24 адам қаза тапты. Олардың ішінде 2 тәртіп сақшысы бар. Ал халықаралық Амнистияның хабарлауынша, 40 адам мерт болған.

Хабар 24 телеарнасы