389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда ұстаздардың ереуілін қолдаған жастар полициямен қақтығысты

  • 380
  • UPD: 16:45, 18.01.2019
Грекияда ұстаздардың ереуілін қолдаған жастар полициямен қақтығысты

Грекия астанасы Афинада мұғалімдердің наразылық акциясына мектеп оқушылары мен студенттер де қосылды.

Парламент ғимаратының алдында жиналған жастар полициямен қақтығысып қалды. Оларды тарату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданған. Жастар үкіметтің жаңа заң жобасына қарсылығын білдіруде. Айтуынша, жаңа талаптар ұстаздардың құқығын шектейді. Яғнимұғалімдерді жұмысқа қабылдағанда оның тәжірибесі емес, білімі маңыздырақ болмақ. Наразылық шарасы осы аптада үшінші рет өтуде. Мұғалімдер бастаған ереуілді шаһардың кәсіподақ мүшесі де қолдаған.

Дионисис Дураким, мұғалім:

– Бұл заң жобасы университетте алған білімнің құнын кетіріп, дипломның бағасын түсіреді. Сонда маңдай терімізбен жылдар бойы жинаған тәжірибеміз қажетсіз болайын деп тұр.

Хабар 24 телеарнасы