Бүгін Ұлыбритания премьері Тереза Мэй парламентте Еуроодақтан шығудың жаңа жолын ұсынады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оны көпшілік қазірден «Б» жоспары деп атап кетті. Үкімет басшысы депутаттарға брексит келісімінің маңыздылығын қайта түсіндіріп көрмек. Ал жаңа жоспарды қабылдау бойынша дауыс беру 29 қаңтарға бекітілді. Жаңа шарттар депутаттардың қолдауын таппаған жағдайда елдің Еуроодақтан шығу мерзімі тағы кейінге шегерілуі мүмкін.
Айта кеткен жөн, Біріккен Корольдік Еуропалық одақтан ресми түрде 29 наурызда шығуы тиіс.