389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чад республикасы мен Израиль арасындағы қарым-қатынас қайта жанданды

  • 610
  • UPD: 22:26, 21.01.2019
Чад республикасы мен Израиль арасындағы қарым-қатынас қайта жанданды

Чад республикасы мен Израиль арасындағы 55 жыл бұрын үзілген дипломатиялық қарым-қатынас қайта жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы екі елдің көшбасшылары Нджаменада өткен кездесу барысында мәлімдеді.

Айта кеткен жөн, екі ел арасындағы серіктестік 1972 жылы «алты күндік соғыстан» кейін доғарылған еді. Оған Чад республикасына Ливия мен Сауд Арабиясының қысым көрсетуі себеп болған. 2005 жылдан бері екі жақ ынтымақтастықы қайта жандандыруға арналған келіссөздер жүргізе бастаған.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

- Біз серіктестікті екі елдің болашағы үшін қайта жандандырдық. Ынтымақтастығымыздың нәтижесінде мемлекеттердің қауіпсіздік деңгейі артады деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы