Швейцарияның Альп тауларындағы Шато д'О курортында әуе шарларының фестивалі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Дәстүрлі 41-ші фестивальге 15 елден 70 қатысушы тіркелген. Шара тоғыз күнге жалғасады. Спортшылар әуе шарларымен алыс қашықтыққа ұшу-қону дәлдігі және түнгі қойылым бойынша жарысады. Бұл күндері туристер әуедегі сан-алуан шарларды тамашалай алады. Кейбір шарлар тіпті мультфильм кейіпкерлерінің бейнесінде жасалған. Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, фестивальді қызықтауға 40 мыңға жуық адам келеді.