384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда тасқынның беті қайтты

  • 498
  • UPD: 13:30, 06.02.2019
Австралияда тасқынның беті қайтты AVESTA News

Австралияда су тасқыны кезінде іс-түзсіз жоғалып кеткен екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солтүстік-шығыста орналасқан Таунсвилль қаласының тұрғындары соңғы рет байланысқа 28 қаңтар күні шыққан. Қаза тапқандардың мәйіті ағын судың беті қайтқан соң табылды.

Айта кетейік, соңғы 100 жылда болып отырған мұндай рекордтық деңгейдегі су тасқыны Квинсленд штатына үлкен материалдық шығын әкелді. Зардап шеккен аудандарға елдің премьер-министрі Скотт Моррисон барып қайтты. Өткен бір аптада бұл өңірге жауынның жылдық нормасы жауып тастаған. Салдарынан 1100-ден астам адам эвакуацияланды. 

Скотт Моррисон, Австралия премьер-министрі:

- Судың мөлшері азая бастаған соң, қайта қалпына келтіру жұмыстарына кірісіп жатырмыз. Өкінішке қарай, үйіне қайтқан тұрғындар баспаналарын көріп шошып жатыр. Су тасқыны тек физикалық тұрғыдан ғана емес, психикалық тұрғыдан да ауқымды шығындар әкелді. Зардап шеккендерге қолдан келгенше көмек көрсетеміз.

Хабар 24 телеарнасы