386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда құлаған үйдің соңғы 3 қабаты заңсыз түрде салынған

  • 933
  • UPD: 08:53, 07.02.2019

Түркияның Ыстамбұл қаласында 8 қабатты үй құлап, үйінді астында ондаған кісі қалып қойды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 14 пәтерлік тұрғын үйде 43 кісі өмір сүрген. Апат болған уақытта олардың қаншауы пәтерде болғаны белгісіз.

- Қанша тұрғын құтқарылды? Қайғылы оқиғаның себебі анықталды ма?

Меруерт Қанағат, тілші:

- Қазір Ыстамбұлда таңғы сағат 4. Апат орнында кеше кешкісін басталған іздеу жұмыстары үздіксіз жалғасып жатыр. Әзірге үйінді астында қалған 7 кісі құтқарылды. Тағы үшеуімен байланыс орнатылды. Алайда тұрғын үйде тіркелген 43 кісінің қаншасының апат болған уақытта пәтерлерінде болғандығы белгісіз. Әзірге оқыс оқиғаның себебі анықталған жоқ. Ресми ақпаратқа сүйенсек, жергілікті әкімшілік 1992 жылы 5 қабаттың құрылысына рұқсат берген. Тағы 3 қабаты кейінірек тіркеусіз қосылған. 1-қабаттағы текстиль шеберханасы да бейресми жұмыс жасаған. Мамандардың пайымдауынша, қосымша қосылған қабаттар апаттың шығуына себеп болуы мүмкін. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, көршілес тұрғын үй тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Хабар 24 телеарнасы