423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция мен Германия бірлесіп жаңа әскери ұшақ шығарады

  • 1407
  • UPD: 14:58, 07.02.2019
Франция мен Германия бірлесіп жаңа әскери ұшақ шығарады

Франция мен Германия жаңа әскери ұшақтар жасау бағдарламасын жүзеге асыруды бастап, құны 65 миллион еуро болатын келісімге қол қойды.

Жобаға сәйкес қос тарап жойғыш ұшақтар мен оған қосымша қаруларды құрастыруды көздеп отыр. Әскери ұшақтарды сынақтан өткізу 2025 жылға жоспарланған. Ал осы ұшақтарды қамтитын жаңа әуе жүйесі 2040 жылға таман жүзеге асырылатын болады. Айта кетейік, әскери әуе жүйесін құру туралы алғаш рет 2017 жылы Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Ангела Меркельдің кездесуі барысында жарияланған еді.

Хабар 24 телеарнасы