Музыканы құлаққаппен тыңдаудан әлемде 1 миллиардтан астам адам саңырау болып қалуы мүмкін.
Мұндай мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасады. Сарапшылардың айтуынша, қазірдің өзінде 460 миллион адамның есту қабілеті нашарлаған. Ал 2050 жылы әлемдегі әр 10-тұрғын кереңдіктің зардабын шегуі мүмкін. Сондықтан сарапшылар ұялы телефондар мен өзге де аудиоқұралдар шығарушы компанияларға осы мәселеге көңіл аударуды сұрап отыр.
Шелли Чадха, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі:
- Біз смартфондар мен аудиоқұралдарын шығарушыларға дыбысты автоматты түрде төмендететін және оларды ата-ана бақылай алатын функцияларды енгізуді ұсынамыз. Себебі, музыканы қатты тыңдаудан есту қабілетінен айырылған адамдардың саны жыл сайын артып келеді.