389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді

  • 618
  • UPD: 14:35, 16.02.2019
Испанияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді

Испанияда парламент таратылып, сәуірдің 28-і күні кезектен тыс сайлау өтетін болды. Мұндай шешімді Премьер-министр Педро Санчес қабылдады.

Бұған сәрсенбі күні парламенттің биылғы бюджет жобасын бекітпей қоюы себеп. Өйткені осы уақытқа дейін социалистерге қолдау көрсетіп келген каталониялық партиялар Санчес үкіметіне қарсы шықты. Олар биліктен аймақтың дербестігі туралы келіссөз жүргізуді талап етіп отыр. Ал бұған заңмен тыйым салынған. Еске сала кетейік, Испанияда Санчес үкіметі билік басына өктен жылы маусым айында келген болатын. Бірақ парламентте социалистер аз орынға ие.

Хабар 24 телеарнасы