419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нигерияда лаңкестік әрекеттен 8 адам қаза тапты

  • 819
  • UPD: 21:09, 16.02.2019
Нигерияда лаңкестік әрекеттен 8 адам қаза тапты

Нигерияның солтүстік-шығысындағы Майдугури шаһарында лаңкестік әрекеттен 8 адам мерт болып, 15 тұрғын жарақат алды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақтағы атышулы «Боко Харам» террорлық тобының мүшелері мешітке баса көктеп кірмек болған. Оларды тоқтатпақ болғанда жарылғыш іске қосылған. Жергілікті билік қаза тапқандардың саны әлі де өсуі мүмкін екенін хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы