378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда карнавалдар маусымы басталды

  • 456
  • UPD: 22:31, 17.02.2019

Венецияда дәстүрлі карнавалдар маусымы басталды. Онда алуан түрлі костюм киген кейіпкерлерді кезіктіруге болады. Жұрттың да қарасы қалың.

Мұнда бишілер мен акробаттар, сосын сайқымазақтар өнер көрсетеді. Биылғы мерекенің тақырыбы: «Ойынға арналған қала». Жалпы Венеция карнавалы – ежелден келе жатқан дәстүрлі шара. Оның шығу тарихы VI ғасырдан бастау алады. Карнавалды тамашалау үшін әлемнің түпкір-түпкірінен мыңдаған турист жиналады. Саяхатшылардың көбі көздің жауын алатын түрлі түсті киім мен су бетіндегі шеруді тамашалап, бал-маскарадқа қатысуды қалайды. Ал бір аптадан кейін елде Марий мерекесі басталады.

Хабар 24 телеарнасы