383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО Сириядағы шайқасқа аттанған азаматтарын қабылдауға құлықсыз

  • 522
ЕО Сириядағы шайқасқа аттанған азаматтарын қабылдауға құлықсыз

Еуроодақ «Ирак пен Левант» лаңкестік тобы қатарында жүріп, Сирияда шайқасқан азаматтарын қабылдау туралы ортақ шешім қабылдамайды.

Бұл туралы Брюссельдегі Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің кездесуіне келген Австрия сыртқы істер министрі Карин Кнайсль мәлімдеген. Терроризммен күресу жөніндегі Еуропалық орталықтың мәліметінше, Сирияда 10 мыңдай еуропалық жасақшы шайқасқан. Бұл – Франция, Бельгия, Ұлыбритания мен Германия азаматтары. Олардың көбісі қаза тапқан, ал кейбіреуі Еуропаға оралып, сотталды. Еске салып кетсек, жуырда Дональд Трамп еуропалық елдерді халықаралық коалицияның қолына түскен 800-дей азаматын алып кетуге шақырған болатын.

Карин Кнайсль, Австрия сыртқы істер министрі:

– Еуроодақтың бүкіл елге ортақ шешім қабылдайтынын күтпеймін. Бұл мәселеге әркімнің көзқарасы әртүрлі, сол себептен әр үкімет жеке дара шешім қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы