383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


С40 қалалардың экологиялық мәселелерін шешуге шақырды

  • 565
С40 қалалардың экологиялық мәселелерін шешуге шақырды

Парижде әлемдегі ірі қала басшыларының құрылтайы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әкімдер белді заңгерлер мен қоғамдық белсенділермен бірлесіп экологиялық жағдайды жақсартудың шешімін таппақ. Басты мақсат – көмір қышқыл газының ауаға таралуын азайтуды көздейтін Париж келісімінің орындалуын қамтамасыз ету. Мәселен Париждің өзінде дизель көліктеріне тыйым салынып, жаяу жүргіншілерге арналған аудан кеңейтіліп, гибрид көліктерін жалға беретін қызмет ашылды. Жыл сайын қалада 20 мың ағаш егу көзделіп отыр. Осы ұйымға мүше мэрлер тәжірибе алмасатын бірыңғай платформа құруды шешкен. Оны экологиялық ахуалын жақсартқысы келген өзге қалалардың басшылары да қолдана алады.

Анн Идальго, Париж қаласының мэрі:

– Жастар келешекте осы жаһанның иесі өздері екенін айтып отыр. Бүгінгі қабылданған шешімдер ертеңгі ұрпақтың тұрмысын жақсартады немесе оларды жарқын болашақтан айыруы мүмкін. Осы жауапкершілікті барлық үкімет сезінуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы