389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алжир халқы 81 жастағы президенттің сайлауға қатысуына наразы

  • 584
Алжир халқы 81 жастағы президенттің сайлауға қатысуына наразы Infoline.ua

Алжирде халық 81 жастағы президент Абдель Азиз Бутефликаның бесінші рет сайлауға қатысуына наразылық танытып, шеруге шықты.

Қарсылық шаралары елдің бірнеше қаласында жүруде. Себебі адамдар денсаулығы сыр берген президенттің келесі саяси додаға түспеуін талап етуде. Ал Бутефлика өзінің сайлауға қатысатыны туралы тек жазбаша мәлімдеген. Айта кетейік, Абдель Азиз Бутефлика 2013 жылы инсульт алып, Францияда бірнеше апта емделген еді. Бірақ содан бастап 81 жастағы президент халық алдына көп шықпайтын болды. Сөйтіп қарт басшының мемлекетті басқара алатынына күмән туындады.

Хабар 24 телеарнасы