386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Галапагос аралдарында жер бетінен жоғалып кеткен тасбақа түрі табылды

  • 626
  • UPD: 13:52, 24.02.2019

Эквадордың Галапагос аралдарында осыдан 100 жыл бұрын жоғалып кеткен тасбақа түрі табылды.

Алып тасбақаны жергілікті  ғалымдар кездестірген. Мамандардың айтуынша, табылған жануардың жасы 100 жылдан асады. Осыған байланысты ғалымдар тағы тірі қалған тасбақаларды табу үшін Галлапагос аралдарына қайта сапар шегуді жоспарлап отыр.

Айта кететін жайт, ғалымдар бұл тасбақа түрін соңғы рет 1906 жылы көрген екен.

Вашингтон Тапия, ғалым:

- Бұл – айтулы жаңалық. Бұған дейін осы тасбақаның түрі жанартаудың атқылауынан жоғалып кеткен деген болжам болған. Оларды табу үшін жүргізілген барлық экспедиция еш нәтиже бермеп еді. Енді түрлі зерттеулер жүргізіліп, тасбақаны көбейту жұмыстары қолға алынады.

Хабар 24 телеарнасы