383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Молдовадағы парламент сайлауының алғашқы нәтижелері белгілі болды

  • 350
  • UPD: 15:28, 25.02.2019
Молдовадағы парламент сайлауының алғашқы нәтижелері белгілі болды

Молдовада өткен парламенттік сайлауда дауыс берушілердің 49,22 пайызы ғана таңдауын жасады. Бұл туралы елдің Орталық сайлау комиссия хабарлайды.

Саяси додада депутаттар 4 жылға сайланады. Осы жолы 50 адам партия тізімімен ал 51 адам бір мандатты округ бойынша сайлауға қатысты. Негізгі тартыс мемлекет басшысы Игорь Додон төрағалық ететін социалистер партиясы мен басқарушы Демократиялық партиясы және Acum оппозициялық блогы арасында болды. Белгілі болғандай, оппозициялық блоктың төрағаларының бірі Андрей Нэстасе бір мандатты округте 46,32 пайыз дауыспен жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы