389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияның Крит аралы топан судың астында қалды

  • 665
  • UPD: 07:58, 27.02.2019
Грекияның Крит аралы топан судың астында қалды Русские Афины

Грекияның Крит аралында ауа райы тосын мінез танытып жатыр.

Әсіресе Ханья қаласы нөсерден қатты зардап шекті. Мұнда аспан тесіліп кеткендей бір аптадан бері жаңбыр тоқтаусыз жауып жатыр. Ауа райының қолайсыздығынан 61 жастағы ер азамат қайтыс болды. Ағын су көлігімен қоса шайып кеткен. Бұдан бөлек, топан судың салдарынан ғасырлық тарихы бар жазғы көпір опырылып түсті. Қала көшелері мен үйлерін су басып кетті. Паромдар тоқтады. Сондай-ақ электр жарығымен қамтуда біраз мәселе туындады. Жергілікті биліктің алдын ала болжамы бойынша, ауа райының кесірінен ондаған миллион еуро көлемінде шығын келді.  

Хабар 24 телеарнасы