423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ Эфиопиядағы ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алды

  • 912
  • UPD: 07:51, 12.03.2019
БҰҰ Эфиопиядағы ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алды

Эфиопияда құлаған ұшақ құрбандарын еске алу үшін БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде үнсіздік жарияланды. Ұшақта қаза тапқандардың арасында БҰҰ-ның 22-і қызметкері болған.

Естеріңізге сала кетсек, таяуда Аддес-Абебаның әуежайынан Найробиге бет алған «Боинг-737 Макс-8» ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортында 149 жолаушы мен экипаждың сегіз мүшесі болған. Қайғылы жағдайға байланысты БҰҰ–ның туы төмен түсірілді.

Хабар 24 телеарнасы