388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа Зеландиядағы атыста ұсталғандардың біреуі қандай ниетпен қару көздеген?

  • 851
  • UPD: 16:21, 16.03.2019
Жаңа Зеландиядағы атыста ұсталғандардың біреуі қандай ниетпен қару көздеген? msn.com

Жаңа Зеландиядағы Крайстчерч қаласының мешіттеріндегі шабуылдан кейін полицейлер төрт адамды ұстады, біреуінің шабуылға қатысы жоқ, ол тек бар болғаны полиция операциясына көмектеспек болған.

Бұл жайында Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн мәлімдеді.

Себебі ер адамның өзімен бірге қаруы болған, ол құқық қорғау органдарына көмектескісі келген. Осыған байланысты артынша тұтқын босатылды. Ал Жаңа Зеландияның премьері осы оқиғадан кейін қару-жарақ заңдарын өзгерту қажеттігін мәлімдеді.

«Құқық бұзушының қаруды иеленуге лицензиясы болған», - деп мәлімдеді Ардерн. Оның айтуынша, шабуылшы бес атыс қаруын, оның ішінде екі жартылай автомат және екі бытыралы мылтықты қолданған.

«Қазір тек бір нәрсені айта аламын: қару-жарақты бақылау жөніндегі заңдар өзгертіледі», - деді премьер-министр. Ол қару ұстауға қатысты заңнаманы өзгерту әрекеттері 2005, 2012 және 2017 жылдары болғанын хабарлады. «Енді міне өзгеріс жасайтын уақыт келді", - деді Ардерн. Оның айтуынша, Брентон Таррант әлем бойынша саяхат жасап жүрген және Жаңа Зеландияда да болып тұрған. Жаңа Зеландиядағы Крайстчерч округінің соты мешітке шабуыл жасаған адамды 5 сәуірге дейін қамауда қалдырды. Кезекші адвокат Ричард Питерс кепілге босату туралы арыз берілмейтінін мәлімдеді. Таррантқа «кісі өлтірді» деген айып тағылды.

New Zealand Herald

Хабар 24 телеарнасы