389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда лай көшкінінен қаза тапқандар саны 10 адамға жетті

  • 335
  • UPD: 15:30, 18.03.2019
Қытайда лай көшкінінен қаза тапқандар саны 10 адамға жетті

Қытайдың Шаньси провинциясында лай көшкінінен ажал құшқандардың саны 10-ға жетті.

Бұған дейін 7 адам қаза тапты деп хабарлаған болатынмыз. Одан бөлек онға жуық тұрғын ізім-ғайып жоғалған. Табиғат апаты Цзао-линь ауылында орын алды. Лай жүрген өңірлерде тұрғын үйлер қирады. Мамандар үйінділер астынан 16 адамды аман алып шықты. Жарақат алған тұрғындар дәрігерлердің жіті бақылауында. Аймақта құтқару-іздестіру операциясы жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы