377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан халқы Наурыз мерекесін тойлап жатыр

  • 175
  • UPD: 18:34, 22.03.2019

Қырғызстанда да халық көктемгі жаңару мейрамы - Наурызды қарсы алды. Бүкіл елде мерекелік шаралар, спорт жарыстары мен концерттер өтіп жатыр. Жұрт дастарқан жайып, қонақтар күтуде.

Наурыз мейрамы келісімен Қырғызстанның бүкіл қаласы жылып сала берді. Күн ашылып, жайма шуақ орнағасын мыңдаған адам көшеде серуен құрып, Наурызды қарсы алды. Үлкен шаралар елдің бас алаңы - Алатоода өтіп жатыр.  

Мария Кулманбетова, Бішкек қаласының тұрғыны:

- Наурыз - жаңаша өсіп өркендейтін, көктемнің нағыз жаңғыратын мезгілі. Соның әсерімен жұрттың жүзіне күлкі үйіріліп, бәрі жасарып кеткендей. Осы сәтті пайдаланып, шын жүректен шексіз бақыт тілегім келеді.

Наурыз - халықтық мереке. Кеудесі қуанышқа толған жұрт әдемі театр қойылымдары мен би ұжымдарының өнерін тамашалап, әндетіп жүр. Қазір табиғаттың - қысқы ұйқыдан оянып жатқан шағы. Егіс маусымы жақындаған сайын халықтың да болашаққа деген сенімі үдей түседі.

Камбар Узаков, Бішкек қаласының тұрғыны:

- Жер жаңарып, шөп шықты. Наурыз - бәрімізге жаңа үміт сыйлайтын мейрам. Бүкіл елді асырап, астық беретін жерімізді де қадірлеу керек екенін ешқашан ұмытпауымыз қажет.

Биыл Наурызда өтетін тағы бір шара - көкпар тартыс. Ел біріншілігін тамашалау үшін Бішкек ипподромына ұлттық ойынның мыңдаған жанкүйері жиналады. Онда бәйге де ұйымдастырылып, жеңімпаздар жүлдеге ие болады. Алайда қатысушылардың мақсаты - олжа теру емес, ең алдымен халықты қуанту болмақ. 

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы