376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Африкада тропикалық циклоннан көз жұмғандар саны 500-ге жетті

  • 113
Африкада тропикалық циклоннан көз жұмғандар саны 500-ге жетті

Африканың шығысында ойран салған Идай тропикалық циклонынан көз жұмғандардың саны 446-ға жетті.

Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады. Еске сала кетейік, сағатына 170 шақырымды құраған қатты дауыл алдымен Мозамбиктің Бейра қаласының астан-кестеңін шығарған еді. Артынша табиғи апат Зимбабве және Малави елдеріне өткен. Мозамбиктің қоршаған ортаны қорғау министрі Селсу Коррейяның хабарлауынша циклоннан 531 мың адам зардап шеккен. Сондай-ақ су тасқыны тырысқақ дертінің өршуіне жол ашып отыр. Апат орнында құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы