379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшаның хайуанаттар бағында ерекше пингвин дүниеге келді

  • 124
Польшаның хайуанаттар бағында ерекше пингвин дүниеге келді

Польшаның хайуанаттар бағы тұрғындарға сирек кездесетін альбинос-пингвинді көрсетті.

Қазіргі таңда бұл балапан – еріксіз өмір сүріп жатқан әлемдегі жалғыз альбинос-пингвині. Ерекше пингвин өткен жылдың желтоқсан айында дүниеге келген. Бірақ бақ қызметкерлері оған әлі ат қойып үлгермепті. Қазір пингвин жіті бақылауда. Сондай-ақ оған ата-анасы мен тағы екі ересек пингвин қарайласып жүр. Себебі түсіне байланысты балапанды тұқымдастары қабылдамай қоюы мүмкін.

Михал Тарговский, зообақ директоры:

– Қарапайым тілмен айтқанда, құстың бұл түріне ақ түс кемшілік болып саналады. Себебі ол бірден көзге түседі. Сондықтан көп жағдайда аңның жемтігіне айналады. Бұған қоса, барлық альбиностар генетикалық тұрғыдан ауруға бейім келеді. Жалпы пингвиндегі пигменттер оның терісі мен қауырсынына қара түс беріп қана қоймай, қорғаныш қызметін де атқарады.

Хабар 24 телеарнасы