378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Словакияда тұңғыш рет әйел адам ел президенті болып сайланды

  • 233
  • UPD: 19:52, 31.03.2019
Словакияда тұңғыш рет әйел адам ел президенті болып сайланды

Словакияда өткен президенттік сайлаудың екінші турында адвокат Зузана Чапутова жеңіске жетті. Оған сайлаушылардың 58,38 пайызы қолдауын білдірді.

Ал Чапутованың қарсыласы Еурокомиссия төрағасының орынбасары Марош Шефчовичты азаматтардың тек 41,62 пайызы жақтады. Сөйтіп, Словакияда алғаш рет әйел президент болды. Шефчович өзінің қарсыласын жеңісімен құттықтап, оған гүл жіберді. Ал сайлаудан кейін баспасөз мәслихатын өткізген Зузана Чапутова елдің дамуына бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. Енді ол президенттік қызметіне маусымның 15-інде кірісетін болады.

Хабар 24 телеарнасы