379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тақтар ойынының» арнайы эффектілері қалай түсірілгені анықталды (видео)

  • 140
  • UPD: 22:37, 02.04.2019
«Тақтар ойынының» арнайы эффектілері қалай түсірілгені анықталды (видео) Hype.ru

HBO телеарнасының ресми youtube-арнасында «Тақтар ойыны» телехикаясының үш жаңа видеосы шықты.

Олардың алғашқысы шоудың қорытындысы болып саналатын 8-маусымның арнайы эффектілері жайлы түсірілген. Телехикая авторлары сан мыңдаған әскерилердің соғысы, айдаһарлармен төбелестің қалай жасалғанын көрсеткен.

Бұдан бөлек «Бірге» және «Аман қалу» деп аталатын екі жарнамалық видео жарияланған. Қос ролик те кейіпкерлердің соңғы соғысқа дайындығына арналған.

 

Естеріңізге сала кетейік, «Тақтар ойынының» соңғы маусымы 14 сәуірде басталады.

Хабар 24 телеарнасы