379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египетте 5 мың жыл бұрынғы тас табыт табылды

  • 143
  • UPD: 10:10, 03.04.2019
Египетте 5 мың жыл бұрынғы тас табыт табылды РИА Новости

Археологтар Египеттің эль-Мануфия провинциясынан екі мумиясы бар тас табыт тапты.

Бұл туралы РИА «Новости» порталына сілтеме жасап, Baq.kz хабарлайды.

Агенттік таратқан мәліметке сүйенсек, әктастан жасалған табыттардың ұзындығы – 2 метр, ал ені– 0,6 метр. Ол жер жұмыстарын жүргізу кезінде табылған.

Ғалымдардың айтуынша, табыттағы мумиялар қатты бүлінген, дегенмен оларда алтыннан жасалған әшекейлердің бөліктері бар көрінеді. Мумияны ары қарай зерттеу үшін жергілікті музейге табыстаған.

Ақпан айында ғалымдар Египеттен жалпы 40 мумия тапқан. Сүйектер бірнеше көне жерлеу камерасынан табылған. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл сүйектер орта таптағы отбасыға тиесілі. Сондай-ақ, бұл отбасы мүшелері ежелгі Рим мен Византия тұсында өмір сүруі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы