376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МАГАТЭ Солтүстік Корея нысандарын тексеруге дайын

  • 151
МАГАТЭ Солтүстік Корея нысандарын тексеруге дайын

Солтүстік Кореямен өтіп жатқан келіссөздер өз нәтижесін берсе, Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік бұл елге тексерушілерін жіберуі мүмкін.

Мұндай мәлімдемені ұйымның басшысы Юкия Амано БҰҰ-ның Қауіпісіздік кеңесінде жасады. Оның айтуынша, агенттік мұндай әрекетті жүзеге асыру үшін Пхеньямен келіссөз жүргізуші тараптар саяси шешімге келуі тиіс. Еске салайық, биыл ақпан айында Вьетнамда АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының саммиті өтті. Бірақ басқосу нәтижесіз аяқталды. Тіпті көп уақыт өтпей, Пхеньян Сохэдегі зымырандық сынақ алаңын жөндеп жатқаны туралы хабар тарады. Ал МАГАТЭ бұл елдегі ядролық нысандарды соңғы рет 2009 жылы тексерген.

Хабар 24 телеарнасы