384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та миллиондаған жыл бұрынғы тарихқа арналған көрме ашылады

  • 492
  • UPD: 07:56, 04.04.2019
АҚШ-та миллиондаған жыл бұрынғы тарихқа арналған көрме ашылады

Вашингтондағы Жаратылыс тарихы туралы ұлттық мұражайда жер шарының миллиондаған жыл бұрынғы фаунасына арналған жаңа көрме ашылмақ.

Қазір шараға дайындық жүріп жатыр. Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, онда халықтың назарына біздің тарихымызға дейінгі өсімдіктер мен жан-жануарларға арналған 700 экспонат көрсетілетін болады. Олардың арасында динозаврлар мен тираннозаврлар да бар. Соңғысының қаңқасын 1988 жылы Монтана штатында бір аңшы тауып алған болатын.

Сиобан Старрс, жоба менеджері:

- Бұл әлемдегі бірегей көрме болмақ. Ол жер шарымыздағы 3,5 миллиард жыл аралығындағы өмірді баяндайды. Онда 66 миллион жыл бұрын болған тираннозаврдың да қаңқасы жұрт назарына ұсынылады.

Хабар 24 телеарнасы