379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореядағы өрттен екі адам көз жұмған

  • 123
  • UPD: 16:12, 05.04.2019
Оңтүстік Кореядағы өрттен екі адам көз жұмған MIGnews

Оңтүстік Кореяның шығысында орман өртеніп, Сокчхо қаласына қауіп төнді.

Қазірге дейін лаулаған жалыннан 2 адам қаза тауып, 11 тұрғын жарақат алған. Жүздеген үй өртеніп, 500 гектар орман күлге айналды. Табиғат апатына байланысты төтенше жағдай жарияланып, 600-ден астам адам эвакуацияланды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, қызыл жалын Вонам ауылындағы трансформатордың жануынан басталған. Қатты жел салдарынан орманға таралған. Қазір тілсіз жаумен 1 мыңға жуық өрт сөндіруші күресіп жатыр. Оларға жақын арада әскерилер қосылмақ. Ал ауа райын болжаушылар алдағы уақытта желді әрі құрғақ ауа райы сақталып, өртті сөндіруге кедергі болатынын ескертуде.

Хабар 24 телеарнасы