389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда өткен жылғы желтоқсаннан бері шерулер толастар емес

  • 394
  • UPD: 14:21, 08.04.2019
Суданда өткен жылғы желтоқсаннан бері шерулер толастар емес

Суданда наразылық шаралары кезіндегі тәртіпсіздіктен 6 адам көз жұмды.

Билік тарапынан енгізілген комендаттық сағатқа қарамастан, ел тұрғындары жаппай ереуілге шығып жатыр. Олар президенттің отставкаға кетуін талап етуде. Ал шерушілерді тарқату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданып, ондаған активистті қамауға алды. Айта кетейік, Судандағы ереуілдер өткен жылдың желтоқсан айынан бері жалғасып келеді. Бастапқыда тұрғындар жанар-жағармай мен азық-түлік бағасының күрт өсуіне наразы болған еді.

Хабар 24 телеарнасы