378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде турист әйелді аю талап тастады

  • 170
  • UPD: 12:06, 09.04.2019
Ресейде турист әйелді аю талап тастады inform.kz

Приамурьедегі туристік базада аю шабуылынан зардап шеккен әйел Амур облыстық ауруханасында хал үстінде жатыр.

Әйелдің сол қолын кесіп тастауға тура келген. Бұл туралы сейсенбі күні өңірлік денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне жасап.

«Зардап шеккен әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Ауыр жарақат алған. Қан тамырлары қатты зақымданғандықтан, сол қолын кесіп тастауға тура келді», - дейді министрлік өкілдері.

Ресей ІІМ-нің «Благовещенский» муниципалитетаралық бөлімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға дүйсенбі күні кешкісін болған. Әйел қапастағы аюға азық беремін деп қолын созған заматта жыртқыш оның қолын талап тастаған. Жедел топ оқиға орнына жетіп, тексеріске материалдар жинаған.

РФ Тергеу комитетінің өңірлік тергеу басқармасы өкілдерінің айтуынша, осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр. Тексеріс барысында турбазаның аюды ұстау мен келушілердің қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық тұрғыда баға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы