379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда алты қабатты 2 тұрғын үй опырылып түсті

  • 83
Бразилияда алты қабатты 2 тұрғын үй опырылып түсті

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында көп қабатты 2 тұрғын үй құлап, 2 адам қаза тапты.

Тағы 8 тұрғын жарақат алды. Қазір апат орынында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үйінділер астында қанша адамның басылып қалғаны туралы ақпар жоқ. Бірақ мәліметке қарағанда, бұл үйлерде кем дегенде 4 отбасы тұрып келген. Бірден екі ғимараттың құлауына не себеп болғаны белгісіз. Жергілікті билік олардың заңсыз салынғанын және құрылысқа қылмыстық топтың қатысы бар екенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, бірер күн бұрын шаһарда жауын бір күн бойы нөсерлетіп, шаһарды су басқан еді. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы