379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода эбола індетінен 800-ден астам адам көз жұмды

  • 92
Конгода эбола індетінен 800-ден астам адам көз жұмды

Конго Демократиялық Республикасында өткен жылдың жазынан бері эбола індетінен көз жұмғандардың саны 800-ден асты.

Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Аймақта қауіпті вирустан кейбір жануарлар да қырылып жатыр. Естеріңізге салайық, дерт 2015 жылы Африканың батыс елдерін жайлаған болатын. Әсіресе Гвинея, Сьерра-Леоне мен Либерия елдерінің тұрғындары ең көп зардап шекті. Кейін аурудың таралуы біршама бәсеңдегенмен, өткен жылдың жазынан бері қайта жайыла бастады.

Хабар 24 телеарнасы