379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Корея жаңа қаруды сынақтан өткізді

  • 189
Солтүстік Корея жаңа қаруды сынақтан өткізді www.bbc.com

Солтүстік Корея жаңа тактикалық қаруды сынақтан өткізді.

Бұл туралы осы елдің Орталық ақпарат агенттігі хабарлады. Сынақты ел басшысы Ким Чен Ынның өзі бақылаған. Ақпарға қарағанда, жойқын оқтұмсығы бар қару ұшу кезінде ерекше жолмен басқарылады. Айта кетейік, бұл – ақпанның 28-і күні Ким Чен Ын мен АҚШ Президенті Дональд Трамп кездесуінен соң жүзеге асырылып отыған алғашқы сынақ. Бұған дейін Ким Чен Ын елдегі әскери әуе күштерінің бір бөлімшесіне барып, ұшқыштар мен зеңбірекшілердің дайындығын тексерген болатын.

Хабар 24 телеарнасы