378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Венесуэла мен Кубаға қарсы жаңа санкциялар салды

  • 152
АҚШ Венесуэла мен Кубаға қарсы жаңа санкциялар салды

АҚШ Венесуэла мен Куба еліне қарсы жаңа санкциялар салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы президент Трамптың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон мәлімдеді. Қара тізімге Венесуэланың Орталық банкі және Кубадағы бес компания енді. Сонымен қатар Кубада туыстары жоқ америкалықтарға аралды елге баруға шектеу салынды. Бұған дейін Ақ үй басшысы 1959 жылы Кубадағы көтерілістен кейін осы елде жекеменшігінен айырылған азаматтардың сотқа шағымдана алатынын мәлімдеген. Шешім Еуропа елдері мен Канаданың сынына ұшырады. Сарапшылардың пікірінше, Вашингтон мұндай қадамға Гавананың Мадуро билігіне қолдау көрсетуіне байланысты барып отыр.

Августин Фернандес, жергілікті тұрғын:

– АҚШ-тың баяғыда айырылған меншігін қайтарып алуға бағытталған шаралары негізсіз. Одан халықаралық мәселелер туындайды. 60 жыл бұрын да осындай талпыныс болған екен. Меніңше Куба кейбір мүліктер бойынша ғана келіссөз жүргізуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы