379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тайваньда күші 6,7 балдық жер сілкінісі болды

  • 211
  • UPD: 16:32, 18.04.2019
Тайваньда күші 6,7 балдық жер сілкінісі болды

Тайваньда магнитудасы 6,7 балдық жойқын жер сілкінісі тіркелді. Қытай сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, жер дүмпуінің ошағы аралдың батыс жағалауында Хуалянь өңірінде 24 шақырым тереңдікте тіркелген.

Табиғи апат салдарынан Тайбэй қаласындағы метрополитендер жұмысын уақытша тоқтатты. Мектептерден оқушылар эвакуацияланды. Сондай-ақ жер сілкінісің қатты болғаны соншалық №1 және №2 атом элетр станцияларында жер тербелісін жазуға арналаған сейсмографтар іске қосылған. Бүгінде құрылғыдағы деректерді тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жайлы әзірге ешқандай ақпарат жоқ.

Хабар 24 телеарнасы